Иран мен Ресей қаржы келісімшартына қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33329-Иран_мен_Ресей_қаржы_келісімшартына_қол_қойды
Мәскеуде Иранның төрт банкі мен Ресейдің «Exim» банкі арасында халықаралық қаржылай қамсыздандыру келісімшартына қол қойылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 26, 2017 18:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей қаржы келісімшартына қол қойды

Мәскеуде Иранның төрт банкі мен Ресейдің «Exim» банкі арасында халықаралық қаржылай қамсыздандыру келісімшартына қол қойылды.

Иранның «Sepah», «Export Development», «Parsian», «Pasargad» және Ресейдің «Exim» банктерінің келісімшарты 2017 жылдың қазан айында Иранның Орталық банкі мен Ресейдің экспорттық сақтандыру мемлекеттік мекемесі өзара түсіністік меморандумына қол қойғаннан кейін жасалды.

Келісімшартқа сәйкес, мемлекеттік және жеке сектор белсенділері Иранда қажет рұқсат қағаздарын алған соң  Иранның аталмыш төрт банкі арқылы Ресейдің «Exim» банкінің жеңілдіктеріне ие бола алады. Ресейлік экспортерлер де осы жеңілдіктерді қолдану арқылы Иранға инженерлік-техникалық жабдықтар мен қызметтерді экспорттайды.      

Иран соңғы алты айда Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Дания, Австрия және Ресеймен қаржы келісімшарттарына отырды.