АҚШ халқы Трапмқа импичмент жариялауды талап етті
АҚШ халқының 41 пайызы осы елдің Президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауды талап етті.
The Independent газетінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Wall Street Journal мен NBC News-тің жуырда жүргізген сауалнамасы нәтижесінде америкалық дауыс берушілердің көбі келесі президенттік сайлауда Дональд Трампқа дауыс берудің орнына оған импичмент жариялауды сұраған.
2017 жылдың желтоқсан айында Трамп президенттігінің бірінші жылының соңында оның саясаттарына қатысты бір сауалнама жүргізілді. Оған қатысқан халықтың 52 пайызы демократ үміткерге дауыс беруді қалайтындықтарын білдірді.
АҚШ Конгресінің депутаты Стив Кохен Трампқа импичмент жариялау үшін 5 жоба ұсынып, дауыс жинай алмағаннан кейін Өкілдер палатасының ісін өткір сынға алып: "Конгресс республикашылдардың қолында тұрған кезде Трапмқа импичмент жариялау мүмкін емес",-деді.