Мәскеу Иран мен Ресейдің аймақтық мәселелерге байланысты кеңесуді жалғастыруы қажеттігін қуаттады
Жел 28, 2017 19:36 Asia/Almaty
Ресей президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов Иранның Мәскеудегі елшісі Меһди Санаимен кездесуінде Таяу Шығыс аймағындағы аса сезімтал жағдайға тоқталып, екі елдің осы тақырыптағы кеңесулерін жалғастыру қажеттігін қуаттады.
Михаил Богданов кездесу барысында Сирия Ұлттық конгресінің 2018 жылы қаңтардың аяғында Сочиде өтетіндігіне сілтеме жасап: "Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепіл елдер ИИР, Түркия мен Ресей конгрестің қарсаңында Сирия өзгерістеріне қатысты сұхбаттасады",- деді.
Тегтер