АҚШ өзге мемлекеттерді Иранның ішкі істеріне араласуға шақырды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33445-АҚШ_өзге_мемлекеттерді_Иранның_ішкі_істеріне_араласуға_шақырды
Қаржы мекемелерінен зардап шеккен адамдар жағдайларының шешілмегеніне, кейбір тауарлардың қымбаттығы мен үкіметтік бақылаудың әлсіздігіне наразылық білдіріп, Иранның бірқатар қалаларында халықтық жиындар өткізгеннен кейін АҚШ өзге мемлекеттерді Иранның ішкі істеріне араласуға шақырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 30, 2017 20:24 Asia/Almaty
  • АҚШ өзге мемлекеттерді Иранның ішкі істеріне араласуға шақырды

Қаржы мекемелерінен зардап шеккен адамдар жағдайларының шешілмегеніне, кейбір тауарлардың қымбаттығы мен үкіметтік бақылаудың әлсіздігіне наразылық білдіріп, Иранның бірқатар қалаларында халықтық жиындар өткізгеннен кейін АҚШ өзге мемлекеттерді Иранның ішкі істеріне араласуға шақырды.

Соңғы күндері елдің бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан өзінің саясатына байланысты қатаң сыналып жатқан АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттердегі парақшасында Иран үкіметінен халықтың құқығына, соның ішінде сөз еркіндігіне құрмет көрсетуді сұрады. 

АҚШ Мемлекеттік департаменті де Иранға қарсы мәлімдемесінде мемлекеттерді Иран халқын қолдауға шақырды.

АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы Пол Райан: «Иранға қарсы іс-шараларды қолдаймыз» деп мәлімдеді.

Сонымен бір мезгілде, АҚШ, Ұлыбритания және Сауд Арабиясының бұқаралық ақпарат құралдары Иранның бірқатар қаласында өткен жиындарды саяси тұрғыдан көрсетуге ауқымды талпыныс жасады.