Қаң 01, 2018 14:49 Asia/Almaty
  • Ресейде лаңкестік туралы телефон арқылы қоқан-лоққы  жасау жалғасуда

Ресейде телефон арқылы қоқан-лоққы жасау жазасын күшейту заңы күшіне енгеннен бірнеше сағат өткен соң Мәскеуде 12 мейрамхана мен 3 сауда орталығына және осы елдегі Татарстан автономды республикасының астанасы Қазандағы әуежайға бомба қойылды деп қоқан-лоққы жасалды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бір белгісіз адам жексенбі күні кешке телефон арқылы Мәскеудегі "Интерресторан" желісінің 12 мейрамханасында бомба қойылғанын хабарлады. Қауіпті қоңыраудан кейін аталмыш мейрамханалар босатылғанымен, бомба табылмады.

Белгісіз адамдар, сондай-ақ, жексенбі күні кешке телефон шалып, Мәскеудің 3 сауда орталығында бомба қойылғанын айтты. Қауіпсіздік күштері орталықтарды тінту барысында ешбір күдікті зат таппады.

Қазан әуежайына бомба қойылды деген қоқан-лоққы да жалған болып шықты.

Телефон арқылы қоқан-лоққылар Ресейде осындай қоқан-лоққылардың жазасын күшейту заңы күшіне енгеннен бірнеше сағат өткен соң орын алды.

РФ Президенті Владимир Путин жексенбі күні кешке 2017 жыл аяқталмай тұрып бұл елде телефон арқылы қоқан-лоққы жасау жазасын күшейту заңына қол қойды. Соған сәйкес, мұндай қылмыс үшін ең үлкен жаза 5 жылдан 10 жылға ұлғайтылды.

 

Тегтер