Иранның Лондондағы елшісі АҚШ Президентінің араласуына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33523-Иранның_Лондондағы_елшісі_АҚШ_Президентінің_араласуына_реакция_білдірді
Иранның Лондондағы елшісі АҚШ Президентінің ИИР-ның ішкі істеріне араласуын бұрын-сонды болмаған әрекет деп атап, оны айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 02, 2018 14:23 Asia/Almaty
  • Иранның Лондондағы елшісі АҚШ Президентінің араласуына реакция білдірді

Иранның Лондондағы елшісі АҚШ Президентінің ИИР-ның ішкі істеріне араласуын бұрын-сонды болмаған әрекет деп атап, оны айыптады.

Иранның Лондондағы елшісі Хамид Баиднежад АҚШ Президентінің Иранның ішкі істеріне араласуы мен тәртіп і бұзушыларды қолдауына реакция білдіріп: "Осыдан бұрын әшкере түрде тіл тигізіп, Иран халқын "лаңкес халық" деп атаған Трамп бүгін Ирандағы наразылық жиындарына қатысушыларға жанашырлық білдіруді сылтауратып, тағы тіл тигізіп, Иран халқын "аш халық" деп атады. Бұл тіл тигізу Трамп әлемнің ең құдыретті экономикасына ие бола тұра жылдар бойы халқын ашаршылықпен бетпе-бет келтіріп, таптық айырмашылықтары айқын көрініп тұрған мемлекеттің  президенті болып  отырған жағдайда айтылуда. Ресми мәліметтердің, нақтырақ айтқанда  АҚШ-тың аштарына жедел көмек көрсететін ұйымының мәліметтері бойынша, бұл елдің 42 миллион халқы аштықта өмір сүруде. Соның 13 миллионы балалар, 5 миллионнан астамы қарттар. АҚШ Президентінің тарих бойында еңсесін биік ұстаған халыққа тіл тигізудің орнына Иран халқынан АҚШ-ның аштарына көмектесуді сұрағаны жақсырақ болар еді. Өйткені, Иран халқы өз қиындықтарына қарамастан басқаларға көмектесуден бас тарпайды",- деді.