Мәскеу: АҚШ-ның Иранға қатысты отырыс өткізу туралы ұсынысы күлкілі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33567-Мәскеу_АҚШ_ның_Иранға_қатысты_отырыс_өткізу_туралы_ұсынысы_күлкілі
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранда болған бейберекеттіктерге қатысты АҚШ-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен адам құқығы комитетінде арнайы отырыс өткізу туралы ұсынысын күлкілі деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 03, 2018 19:53 Asia/Almaty
  • Мәскеу: АҚШ-ның Иранға қатысты отырыс өткізу туралы ұсынысы күлкілі

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранда болған бейберекеттіктерге қатысты АҚШ-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен адам құқығы комитетінде арнайы отырыс өткізу туралы ұсынысын күлкілі деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауынша, Ресей СІМ баспасөз хатшысы Мария Захарова «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «АҚШ делегациясының маңызды мәселені көтергісі келетіндігі шәксіз. Мысал ретінде БҰҰ-ғы АҚШ-ның тұрақты өкілі Никки Хейли АҚШ-ның жаппай тұтқынға алу, Wall Street қозғалысын қатаң басып-жаншу, Фергюсон қаласын шерушілерден қатыгездікпен тазалау шараларындағы тәжірибесімен әлеммен бөлісе алады» деп жазды.

Сонымен бірге, Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ-нан Иран Ислам Республикасының ішкі істеріне араласудан тартынуды сұрады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Генг Шуанг Пекинде өткен баспасөз конференциясында: «Аймақтық дағдарыстарда, соның ішінде Сирия және Ирак мәселесінде жеңіліске ұшырып, оқшауланған Америка Құрама Штаты Иран Ислам Республикасынан кек алуды мақсат етеді» деді.