2018 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында 3 әуе бағыты іске қосылады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33657-2018_жылы_Қазақстан_мен_Өзбекстан_арасында_3_әуе_бағыты_іске_қосылады
Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшісі жаңа жылда екі елдің қалалары арасында 3 әуе бағытының іске қосылатынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 06, 2018 18:18 Asia/Almaty
  • 2018 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында 3 әуе бағыты іске қосылады

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшісі жаңа жылда екі елдің қалалары арасында 3 әуе бағытының іске қосылатынын мәлімдеді.

«Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшісі Ерік Өтембаев: «2018 жылы Қазақстан мен Өзбекстанның әуе байланысы айтарлықтай дамып, екі елдің туризм саласындағы мүмкіндіктері артады. Алматы-Бұхара, Алматы-Хива, Алматы-Самарқанд әуе бағыттарын ашу жүзеге асырылып жатыр. Көлік инфрақұрылымын құру туризмнің дамуына оң ықпал етеді. Өзбекстанның Ташкент, Қазақстанның Шымкент қалалары арасында тікелей автобус бағытын ашу үшін де келіссөздер жүргізіліп жатыр» деді.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында тек бір ғана әуе бағыты бар.