АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы Ирандағы бейберекеттік тудырушыларға қолдау көрсетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33713-АҚШ_тың_Орталық_Барлау_Басқармасы_Ирандағы_бейберекеттік_тудырушыларға_қолдау_көрсетті
АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының (CIA) төрағасы соңғы күндері Иранның кейбір қалаларында орын алған бейберекеттік тудырушылардың бүлдіргі әрекеттеріне қолдау көрсетті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 08, 2018 14:31 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасы  Ирандағы бейберекеттік тудырушыларға қолдау көрсетті

АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының (CIA) төрағасы соңғы күндері Иранның кейбір қалаларында орын алған бейберекеттік тудырушылардың бүлдіргі әрекеттеріне қолдау көрсетті.

АҚШ-тың Орталық Барлау Басқармасының (CIA) төрағасы Майк Помпео жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында Ирандағы кез келген тынышсыздық пен бүлікті қолдайтынын ашық мәлімдеді.

Помпео сондай-ақ Трамптың Иранға қарсы санкцияларды кейінге қалдыруды создырту үшін берген мерзіміне тоқталып: "Соңында "Ортақ қадам" ядролық келісіміне мүше болып қалу немесе одан шығу туралы шешімді АҚШ президенті қабылдауы тиіс",- деді.

Трамп пен сол елдің онға жуық мемлекеттік лауазымды тұлғасы мен АҚШ Конгресінің республикашыл және демократ мүшелері де соңғы күндері Иранның кейбір қалаларында орын алған бейберекеттіктерді қолдап, бұл жағдайды "мұрсат" деп сипаттады.

Бұған қарамастан, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі жұма күні кешке АҚШ-тың қысым көрсетуімен Иран мәселесі жайында өткен отырыста АҚШ-қа қарсы табандылық көрсетіп, Вашингтонның бейберекеттіктерді қолдаудағы мақсаттарына жету үшін осы мұрсатты пайдалануға рұқсат бермеді.