Еуразия Одағындағы ең төмен жалақы Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарына тиесілі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33727-Еуразия_Одағындағы_ең_төмен_жалақы_Қырғызстан_мен_Қазақстан_азаматтарына_тиесілі
Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдердің Статистика комитеті мен Орталық банкінің есебіне сәйкес Қазақстан мен Қырғызстан азматтары осы одаққа мүше елдер арасында ең төмен жалақыға ие.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 08, 2018 18:27 Asia/Almaty
  • Еуразия Одағындағы ең төмен жалақы Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарына тиесілі

Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдердің Статистика комитеті мен Орталық банкінің есебіне сәйкес Қазақстан мен Қырғызстан азматтары осы одаққа мүше елдер арасында ең төмен жалақыға ие.

«Фарс» хабар агенттігінің есебі бойынша комитеттің есебінде 2018 жылы қазақстандықтардың ең төмен жалақысы 14 пайызға артып, 24 459 теңгеден 28 284 теңгеге жеткені көрсетілген. Яғни, Қазақстан азаматтарының минималды жалақысы Еуразия Одағына мүше елдер арасындағы ең төмен жалақы саналады. Оның өзі 100 долларға да жетпейді.

Қырғызстандағы ең төмен жалақы 17 долларды құрайды. Бұл Қазақстандағы ең төмен жалақыдан да аз.

Ресей тұрғындарының ең төмен жалақысы 164,6 долларды құрап, Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдер арасында бірінші орында тұр.