Америка халқы палестиналық жасөспірім қызды босатуды талап етіп, шеруге шықты
АҚШ-тың астанасында жүздеген адам наразылық шеруін ұйымдастырып, палестиналық жасөспірім қызды сионистік режимнің түрмесінен тез арада босатуды сұрады.
АҚШ-ның астанасы Вашингтон қаласында жүздеген адам палестиналық жасөспірім қыз Ахед Тамимиді босатуды талап етіп, Code Pink атты соғысқа қарсы топтың шақыруымен сәрсенбі күні шеру ұйымдастырды. Шеруге қатысушылар қолдарына плакаттар алып, соионистік әскерилерді 16 жастағы палестиналық жасөспірім қызды құрықтағаны үшін айыптап, оны азат етуді сұрады.
БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериш те палестиналық жасөспірім қыз Ахед Тамимидің сионистік режимнің түрмесінде қамауға алынғанына алаңдаушылық білдірді. Сионистік режимнің 2018 жылдың алғашқы күндеріндегі қылмыстарының жаңа кезеңі палестиналық балалардың әлі де басқыншы режимнің жаппай қылмыстарының құрбанына айналуына себеп болуда.