Лавров: Иранның зымырандық мәселесі келіссөздерде талқыланатын тақырып емес
(last modified Wed, 17 Jan 2018 10:06:09 GMT )
Қаң 17, 2018 16:06 Asia/Almaty
  • Лавров: Иранның зымырандық мәселесі келіссөздерде талқыланатын тақырып емес

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иранның зымырандық мәселесінің келіссөздерде талқыланатын тақырып емес екенін қуаттады.

Интерфакс агенттігінің мәліметі бойынша, Лавров: "Иранның зымырандарын дамыту саласындағы жұмыстары келіссөздерде талқыланатын тақырып емес. Егер АҚШ осындай сылтаумен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығатын болса, Иран да бұл келісімдегі өз міндеттемелерінің ешбіреуіне табандылық танытпайды. Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының мәтінін өзгерту туралы талабын қабылдауға болмайды. Мәскеу оны қолдамайды. Мәскеу Американы ядролық келісімдегі міндеттемелеріне табандылық танытуға көндіру бағытындағы талпыныстарын жалғастырады",- деді.