Лондонда АҚШ елшілігінің алдында Трампқа қарсы наразылар жиналды
Британиялық наразылар Лондондағы Вашингтонның елшілігінің алдында жиналып, АҚШ Президентіне қарсы ұрандар айтты.
"Нәсілшілдікке қарсы көтеріліс" тобына мүше британиялықтар Дональд Трамптың президенттік кезеңінің жылдығында Лондонның оңтүстігіндегі Вашингтонның жаңа елшілігінің алдына жиналды. Наразылар жауып тұрған жаңбырға қарамастан "Нәсілшіл Трамп кет!" деп ұрандатып, қолдарына "Трампты қоқыстың қасына тастаңдар!" деп жазылған плакаттар ұстап тұрды. "Нәсілшілдікке қарсы көтеріліс" тобының белсенділері Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мейден Давостағы әлемдік экономикалық басқосу кезінде Трамппен кездеспеуді сұрап: "Егер Трамп Ұлыбританияға келетін болса, бұл елдің тарихындағы ең үлкен наразылықпен бетпе-бет келеді",- деп қуаттады.