Американың саясаттарына қатысты әлемдік наразылықтар артуда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34217-Американың_саясаттарына_қатысты_әлемдік_наразылықтар_артуда
Жаңадан жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері Американың саяаттарына қарсы әлемдік наразылықтардың артқанын көрсетті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 25, 2018 17:27 Asia/Almaty
  • Американың саясаттарына қатысты әлемдік наразылықтар артуда

Жаңадан жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері Американың саяаттарына қарсы әлемдік наразылықтардың артқанын көрсетті.

Gallup инстутының әлем елдері мен басшылары туралы жүргізген сауалнама нәтижелері Америка мен сол елдің президенті Дональд Трампқа қатысты наразылықтар көрсеткішінің әлемде арта түскенін, тек сионистік режимнің ғана Ақ үйдің жалғыз әрі шынайы қолдаушысы екенін көрсетті.

Сол сауалнамаға сәйкес, Американың 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғандағы іс-әрекеттеріне наразылықтар үш еседен артып, 2016 жылғы 53 елден 2017 жылы 53 елге жеткен.

Вашингтон мен Трампқа қатысты Америка құрлығындағы наразылықтардың үлкен көрсеткіші Доминикан республикасына тиесілі болды.

Еуропада Косово мен Албания және Польша елдері де Трампқа наразы.

Исландия мен Ресей – Трампқа қатысты наразылықтардың ең жоғары көрсеткішіне ие елдер.

Вашингтонның одақтасы сионистік режим – Азия мен Тынық мұхиты елдеріндегі Американың жалғыз әрі негізгі қолдаушысы.

Gallup инстутының сауалнамасына сәйкес, Америка мен Трамптың іс-әрекеттеріне қатысты Пәкістан мен Палестинадағы наразылықтар көрсеткіші өте жоғары.

Трамптың саясаттары, әсіресе Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде жариялауы  мен Арабстан сияқты басып-жаныштаушы режимді қолдауы әлемдік ауқымды сынға ұшырады.