Сионистік режим – Таяу Шығыстағы қиыншылықтардың басты факторы
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары сионистік режимді Таяу Шығыстағы қиыншылықтардың басты факторы деп атады. Бұл режимнің басқыншылық және экспансиялық саясаттары аймақтың жағдайын қиындатып отыр.
ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары Исхақ Але Хабиб бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Палестина және Таяу Шығыс» тақырыбындағы отырысында: «Иран Палестинаны қолдайтынын тағы жариялайды. Ондаған жылдар бойы палестиналықтарға жасалған әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты ескере отырып, палестиналықтардың өз тағдырларын анықтап, Қасиетті Құдстың астаналығымен Палестина мемлекетін құру құқығын қолдайды».-деді.
Исхақ Але Хабиб сионистік режимнің Палестина халқына жасаған қылмыстарын еске салып: «БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бұл режимнің қалашық салуын сан рет айыптады, алайда Израиль режимі әлі күнге дейін палестиналықтардың құқығын елемей, басқыншылықты күшейтіп жатыр. Сионистік режимнің даму үстіндегі қалашық салу ісі «Женева-4» конвенциясын бұзумен қатар соғыс қылмысы саналады. Бұл Израильдің жаппай қырып-жоятын қаруларға қатысты барлық халықаралық жүйелерге немқұрайлы қарап отырғанын көрсетеді»,-деді.