АҚШ үкіметінің қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34357-АҚШ_үкіметінің_қарызы_бұрын_соңды_болмаған_деңгейге_жетті
Fox News ақпарат арнасы бір репортажында АҚШ үкіметі қарызының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 30, 2018 12:10 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметінің қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті

Fox News ақпарат арнасы бір репортажында АҚШ үкіметі қарызының бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін хабарлады.

Fox News ақпарат арнасының хабарлауы бойынша, Дональд Трамп АҚШ Президенті ретінде Ақ үйге келгеннен бері бұл үкіметтің қарызы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетіп, 2018 жылдың 27 қаңтарында 20 трлн 500 млрд долларға жеткен.

Соған қарамастан Трамп әрдайым өз үкіметінің экономикалық үдерісін оң бағалайды.

АҚШ үкіметінің жалпы қарызы 2017 жылдың 8 қарашасында 19 трлн 840 млрд доллар болды.

АҚШ-тың лаңкестікпен күрес сылтауымен халықаралық рұқсатсыз 2001 және 2003 жылдары Ауғанстан  мен Иракта бастаған екі соғысы кейінгі жылдары Федералды үкіметтің жалпы қарызын қатты арттырып жіберді.

АҚШ үкіметінің ұлттық немесе жалпы қарызы деп осы елдің федералды үкіметінің қарызы саналады.