Гондурас халқы АҚШ-тың ішкі іске араласушылығына наразылық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34377-Гондурас_халқы_АҚШ_тың_ішкі_іске_араласушылығына_наразылық_білдірді
Гондурас халқы Вашингтонның осы елдің қазіргі Президентін қолдауға бағыттаған ішкі іске араласушылығына ашу-ыза білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 31, 2018 05:30 Asia/Almaty
  • Гондурас халқы АҚШ-тың ішкі іске араласушылығына наразылық білдірді

Гондурас халқы Вашингтонның осы елдің қазіргі Президентін қолдауға бағыттаған ішкі іске араласушылығына ашу-ыза білдірді.

Гондурастың жүздеген наразы халқы, соның ішінде діни топтар Вашингтонның Гондурастың оңшыл Президенті Хуан Орландо Эрнандестің қайта сайлануын қолдауына наразылық ретінде осы елдің астанасы Тегусигальпадағы АҚШ елшілінің алдында бейбіт жиын өткізді.  Гондураста қамауға алынған және жоғалып кеткен адамдардың жанұялары кемінде 22 наразының осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілгенін хабарлады.

27 қаңтарда екінші рет Гондурастың Президенті ретінде ант берген Эрнандес Орталық Американың осы елінде бейберекеттік әрекеттердің орын алуына себепкер болды. Осындай жағдайда наразы халық наразылықтарын одан ары жалғастыратынын мәлімдеді.