Қаң 31, 2018 09:07 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари Сочиде Қытайдың Сирия істері жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі мен Қытайдың Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі сейсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында Сирияның ұлттық диалогы конференциясы аясында кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі Хосейн Джабер Ансари мен Қытайдың Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Xie Xiaoyan кездесуде Сириядағы өзгерістер үдерісі мен Сочидегі Сирияның ұлттық диалогы конференциясын талқылап, Иран мен Қытайдың Сирия дағдарысын тоқтату және лаңкестікпен әсерлі күресу мақсатында әріптестік жасауы қажеттігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі аға көмекшісі әрі Иранның "Астана келіссөздері" үдерісіндегі аға келісімгері Сочиде  Сирияның ұлттық диалогы конференциясының ашылу рәсіміне қатысты.

Сирияның ұлттық диалогы конференциясы дүйсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында жұмысын бастады.

 

Тегтер