Пентагон америкалық күштердің Ирактан шығатынын теріске шығарды
Пентагон Вашингтон мен Бағдаттың америкалық күштерді Ирактан шығару келісімі туралы хабарды теріске шығарып, Вашингтонның өз күштерін Ирактан шығару туралы бағдарламасының жоқ екендігін қуаттады.
"Associated Press" дүйсенбі күні Ирак басшыларының бірінің сөзіне сілтеме жасап, АҚШ-тың Ирактағы әскерилерін шығаруды бастағанын хабарлаған болатын.
Бұл хабар жарияланған соң Пентагон мәлімдемесінде: "АҚШ Ирактағы күштерін шығаруды мақсат етпейді. Керісінше, ирактық тараппен әскерилеріне жаттығу жүргізу туралы келісті",- деп баса айтты.
Өткен аптаның сенбі күні америкалық әскери ұшақтардың әл-Бағдади аймағына жасаған шабуылы 20 ирактықтықтың қаза болуы мен жарақат алуына себеп болған соң америкалық әскерилерді Ирактан шығару туралы талаптар күшейді.