Америкалық студенттер өз елінің туын өртеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34743-Америкалық_студенттер_өз_елінің_туын_өртеді
Американың Сиэтл қаласындағы қақтығыстар осы елдің туының отқа жағылуына ұласты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 12, 2018 19:17 Asia/Almaty
  • Америкалық студенттер өз елінің туын өртеді

Американың Сиэтл қаласындағы қақтығыстар осы елдің туының отқа жағылуына ұласты.

Fax News интернет торабының хабарлауы бойынша Американың Сиэтл қаласындағы жексенбі күнгі республикашылар партияның жақтас студенттері мен олардың қарсыластары арасындағы қақтығыстарда елдің туы өртенді.

Америкалық ақпарат құралының мәліметі бойынша қақтығыстарда полиция күштері бес студентті құрықтаған.

Америкадағы беделді сауалнамалар ел жастарының көпшілігінің демократ және республикашылдар партиясының ешбіреуін қабылдамайтынын көрсетеді.

Америка мәселелері бойынша сарапшылар Дональд Трамп президенттігінің басталуымен және экстремист, нәсілшіл топтардың белсенділіктерінің тарауымен елде әлеуметтік және саяси алшақтықтардың айтарлықтай арта түскенін айтып отыр.