Италиядағы 9 миллион әйел – жыныстық алымсақтықтың құрбаны
Ақп 15, 2018 21:32 Asia/Almaty
Италияның Istat Ұлттық статистикалық мәлімет институты Италиядағы шамамен 9 миллион әйелдің жыныстық алымсақтықтан жапа шеккені туралы хабарлады.
Италияның Istat Ұлттық статистикалық институты "Жұмыс орнындағы жыныстық алымсақтық пен бопсалау" деп аталатын өзінің жуырдағы есебінде 8 миллион 816 000 италиялық әйел, яғни 14-65 жас аралығындағы бүкіл Италия әйелдерінің 43 пайызы өз өмірінде жыныстық алымсақтық пен бопсалаудың құрбаны болған деп мәлімдеді. Осы мәліметке сәйкес, жыныстық алымсақтық құрбандарының басым бөлігі кәсіби, ғылыми-техникалық немесе үй тұрмысы саласында қызмет істеген немесе жұмысқа орналаспақ болған қыздар мен әйелдер.
Тегтер