Ресейдің атомдық қаласында ирандық фильмдер көрсетілді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34841-Ресейдің_атомдық_қаласында_ирандық_фильмдер_көрсетілді
Ресейдің Обнинск қаласында он үшінші Халықаралық православиелік Сретендік "Встреча" кинофестиваліне бес ирандық фильм қатысуда.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 16, 2018 04:49 Asia/Almaty
  • Ресейдің атомдық қаласында ирандық фильмдер  көрсетілді

Ресейдің Обнинск қаласында он үшінші Халықаралық православиелік Сретендік "Встреча" кинофестиваліне бес ирандық фильм қатысуда.

13-ші Халықаралық православиелік Сретендік "Встреча" кионфестивалі ақпанның 11-16 аралығында Ресейдің Обнинск қаласында өтуде. Балалар мен отбасы тақырыбы және діни ұғымдарға басты назар аударатын бұл фестивальге бес ирандық фильм қатысып, жақсы қолдау тапты. Фестиваль үш жылда бір рет Ресейдің православиелік шіркеуі тарапынан ұйымдастырылады. Шараның президенті "София ана" атты монах әйел болып табылады.

Бобак Баһрам Бейгидің режиссерлігімен түсірілген "Бір ұзақ күн" және режиссері Марджан Ашрафизаде болып табылатын "Әпке" (Абджи) көркем фильмдері, Меһди Заманпур Киасаридің режиссерлігімен түсірілген "Папалық", Мұхаммад Ғанефард түсірген "Соңғы кешкі ас" және Мохсен Исламзаденің "Жалғыз Талибандар арасында" атты деректі фильмдері Халықаралық православиелік Сретендік "Встреча" кинофестивалінде Иран кинематографиясын таныстырып жатыр. Обнинск Мәскеудің оңтүстік-батысында орналасқан және үлкен көлемде электр қуатын өндіретін әлемдегі ең бірінші атомдық электр стансасы осы қалада салынған ғылыми тұрғыдан Ресейдің ең маңызды қалаларының бірі саналды.