Мюнхен қауіпсіздік конференциясы – АҚШ-тың Иранға жауластығын білдіру үшін берілген мұрсат
https://parstoday.ir/kz/news/world-i34899-Мюнхен_қауіпсіздік_конференциясы_АҚШ_тың_Иранға_жауластығын_білдіру_үшін_берілген_мұрсат
Осы уақытқа дейін Иранға қарсы кеңістік тудыру үшін ешбір мүмкіндікті қолдан жібермеген АҚШ-тың саясаткерлері осы күндері Мюнхен қауіпсіздік конференциясын Иранға қоқан-лоққы жасау алаңына айналдырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 18, 2018 13:48 Asia/Almaty
  • Мюнхен қауіпсіздік конференциясы – АҚШ-тың Иранға жауластығын білдіру үшін берілген мұрсат

Осы уақытқа дейін Иранға қарсы кеңістік тудыру үшін ешбір мүмкіндікті қолдан жібермеген АҚШ-тың саясаткерлері осы күндері Мюнхен қауіпсіздік конференциясын Иранға қоқан-лоққы жасау алаңына айналдырды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Саливан сенбі күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясында: "Трамптың ризалығын алудың кілті – Иранға қарсы санкцияларды тоқтатуды жалғастыру, еуропалық келісімгерлердің Иранның зымыран мәселесін шешуі

Біз еуропалықтардан 12 мамырға дейін Иранның баллистикалық зымырандар бағдарламасын  шешуді сұраймыз. Сонда біз Президент Трампқа өзгерістердің болып жатқанын көрсете аламыз",-деді

АҚШ Президенті Дональд Трамп   бір ай бұрын санкцияларды тоқтату мерзімін ұзартқан кезде "Бұл істі соңғы рет жасап отырмын. АҚШ Конгресі мен Еуроодақ ядролық келісімнің кемшін тұстарын түзетуі керек" деп айтқан болатын.

Ядролық келісімнің мезгілдік шектеулерін алып тастау, Иранның зымырандық бағдарламасы мен оның аймақтағы белсенділіктеріне шектеу қою Вашингтонның ядролық келісімге берік болып қалу үшін қойған шарттарының қатарын құрайды. "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сәйкес, АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты ядролық санкциялары тоқтатылған. АҚШ Президенті елдің ішкі заңы бойынша 4 айда бір рет осы санкциялардың тоқтатылу мерзімін ұзартып отыруы тиіс. Әрине, АҚШ-тың шектен тыс талап етушілігі мұнымен шектелмейді.

АҚШ басшылары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша Иранға салынатын инвестиция жайлы пікір білдіруге құқылы болмаса да, Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт МакМастер Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде осы бағдарламада белгіленген өз елінің міндеттемелерін ашық түрде бұзып, Иранды аймақта тұрақсыздық тудырушы фактор деп атап, әлем елдерінен Иранға инвестиция салмауды сұрады.

Өткен аптада да АҚШ-тың Ұлттық барлау басқармасының басшысы Дэниел Кутц осы басқарманың жаһандық қауіп-қатерлерді бағалауға арналған жылдық есебінде Иранды аймаққа қауіп төндіретін факторлардың бірі деп атап, оның аймаққа ықпалымен күресу қажеттігін қуаттады.

Әрине, Мюнхен қауіпсіздік конференциясындағы америкалықтардың осы ұстанымдары мен сөздері жауапсыз қалмады. Ресейдің федералды кеңесінің сыртқы істер жөніндегі комитеті басшысының орынбасары Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарынан халықаралық құқықтарға құрметпен қарап, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында белгіленген өз міндеттемелерін қадірлеуге шақырды.

Ресейдің федералды кеңесінің сыртқы істер жөніндегі  комитеті басшысының орынбасары Сергей Кисляк осы америкалық лауазымды тұлғаға: "Егер бір елмен келісім жасасаңыз, сол міндеттемеге берік боларлықтай ақлақ пен батылдыққа ие болу керек",-деді.

Мюнхен қауіпсіздік конференциясындағы АҚШ-тың жауластық сипатындағы ұстанымдары мен сөздерін Иранның америкалық басшылардың осындай сөздеріне реакциясын бағалаудың бір түрі деп санауға болады.  Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өткен сәуір айында Иран армиясы қолбасшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде исламдық республика жүйесінің мықты тұстарының бірін Иран халқының алпауыт елдердің ашу-ызасына ержүректік және табандылықпен қарсы тұру рухында жатыр деп атап: "Басқыншы елдердің халықтар мен үкіметтерді қорқытудағы тәсілдерінің бірі – оларға өзінің заңсыз мүдделерін қамтамасыз етуді таңу, зекіп сөйлеу және өзін айбынды етіп көрсету",-деген болатын.

Аятолла Хаменеи Ислам революциясының басынан осы күнге дейін әртүрлі қастандықтардың ұйымдастырылғанына тоқталып: "Егер Иран Ислам Республикасы мен халқы алпауыт елдерден қорқып, олардың алдында кері шегінген болса, осы күні Иран мен ирандықтан ешбір белгі қалмас еді",-деді.

Ақ үйдің басшылары зымырандық қабілет пен қорғаныс қуатының Иранның қызыл сызығы екенін біледі. ИИР бұл салада ешбір елден рұқсат та сұрамайды, келіссөз де жүргізбейді. Осы тұрғыдан АҚШ басшыларының Мюнхен қауіпсіздік конференциясында қоқан-лоққы жасауы АҚШ-тың ядролық келісімде қалуы салмағын жоғарылату мақсатында және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарынан көбірек ұпай алу үшін жасалып отырған саясат сияқты.