Қазақстан Палестина халқының тағдырын анықтау қажеттігін қуаттады
Ақп 21, 2018 15:02 Asia/Almaty
БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Палестина халқының өз тағдырын белгілеу құқығын қолдайтынын қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қайрат Омаров сейсенбі күні өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс бейбітшілігінің келешегін зерттеу отырысында: "Палестина халқы тағдырын өзі шешуі керек. Ешкім олардың орнына шешім қабылдай алмайды",- деді. Қайрат Омаров Құдстың палестиналықтардың жері ретіндегі тарихи статусының сақталуын қуаттап: "Барлық тарап Палестинада бейбітшілік орнатып, оны нығайтуға талпынуы керек",- деді.
Тегтер