Ақп 26, 2018 01:27 Asia/Almaty
  • АҚШ-ның жұмысшылары Трампқа қарсы шеруге шықты

Мыңдаған америкалық жұмысшы "Жұмысшыларды еске алу" күні қарсаңында елдің әртүрлі қалаларында, соның ішінде Нью-Йоркте президенттің саясаттарына қарсы шеруге шықты.

Нью-Йорк штатының қазіргі губернаторы Эндрю Куомо сенбі күні шерушілердің алдында сөйлеген сөзінде: "АҚШ  өзін бұл елдің жұмысшы әйелдері мен ерлерінің дұшпаны ретінде жариялаған федералды үкіметке ие. АҚШ-ның түкпір-түкпіріндегі жұмысшылар нысанаға алынуда. АҚШ Президенті Дональд Трамп сайлау алдындағы үгіттерінде жұмысшыларды қолдайтыны туралы уәж айтып, америкалықтардың көбін алдады",- деді.

Нью-Йорктің мэрі Билл де Блазио да шерушілердің алдында сөз сөйлеп: "Трамп пен оның миллионерлер кабинеті сіздердің, жұмысшылардың құқықтарын жоюға әрекет жасауда",- деді.

Азаматтық қоғам белсенділерінің айтуынша, жұмысшылар қоғамдастығының нашар жағдайы АҚШ-тағы жалпыұлттық наразылықтың басты себебі болып табылады.

 

 

Тегтер