Америкалық коалицияның шабуылы салдарынан қаза болған сириялық бейбіт тұрғындардың саны артты
АҚШ бастаған "ДАИШ-ке қарсы коалиция" қырғи ұшақтарының Сирияның Дейр эз-Зоур төңірегіндегі аймақтарға жасаған әуе шабуылдары салдарынан қаза болған сириялық бейбіт тұрғындардың саны 29 адамға артты.
Сирияның SANA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ бастаған коалицияның қырғи ұшақтары жексенбі күні Сирияның шығысында орналасқан Дейр эз-Зоур төңірегіндегі Зохра әл-Әлуни және аш-Шафақа аймақтарындағы сириялық босқындардың лагерлерін бомбалаған. Соның салдарынан 29 сириялық бейбіт тұрғын қаза болып, көптеген адам жарақат алған.
Мұның алдында ақпарат құралдары осы әуе шабуылы салдарынан қаза болғандардың санын 16 адам деп хабарлаған болатын.
Америкалық коалиция қырғи ұшақтарының Дейр эз-Зоур төңірегіндегі аймақтарға шабуылы ақпанның жиырма екісі америкалық коалиция қырғи ұшақтарының Дейр аэз-Зоурдың шығысындағы қалашыққа шабуылы кезінде 12 сириялық бейбіт тұрғын қаза болған жағдайда орын алып отыр.
АҚШ басқарып отырған "ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның" Сирия мен Иракқа шабуылдарын бақылап отыратын Airways атты ұлыбританиялық бақылау тобы жуырда: "Америкалық коалицияның 2014 жылдан қазіргі таңға дейін Сирия мен Иракқа жасаған әуе шабуылдары салдарынан 3000-нан астам сириялық бейбіт тұрғын қаза болған",- деп мәлімдеді.