Иран мен Ресейдің банкаралық қатынасы жақсарады
Иран мен Ресейдің ортақ сауда палатасының басшысы: "Иранның "Мелли" банкі акционері болып табылатын "Мир Бизнес" банкі Ресейдің банктік жүйесіне қосылғаннан кейін ресейлік банктердегі барлық қызметтерді рубль және еуромен атқаруға мүмкіндік туды",-деді.
Иран мен Ресейдің ортақ сауда палатасының басшысы Асадулла Асгяр Оулади Теһранда Мәскеудегі "Мир Бизнес" банкінің директоры Мұхаммад Харразбен кездесіп: "Иран мен Ресейдің банкаралық қатынасын нығайту екі елдің экономикалық қарым-қатынасын дамытуда маңызды рөл атқарады",-деді.
Асгяр Оулади жақын күндері Мәскеуде Иран мен Ресей ортақ комиссиясының отырысы өтетінін хабарлап: "Бұл отырыста екі елдің сауда қатынасындағы қиындықтар мен түйткілдер талқыланады",-деді.
Мұхаммад Харраз кездесуде Иран мен Ресей арасында қаржы және сауда қатынасын жеңілдетудің "Мир Бизнес" банкінің басты миссиясы екенін айтып: "Ресей – "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейін өзінің ірі банктерінің "Мир Бизнес" банкі арқылы Иранмен қатынасын қайта қалыптастырған жалғыз ел",-деді.
Харраз "Мир Бизнес" банкінің 2002 жылы Ресейде ашылғанын айтып: "Бұл банктің акционері – Иранның "Мелли" банкі. Оның қазіргі капиталы 100 млн доллардан асады",-деді.