Зариф пен Лавров телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Fri, 02 Mar 2018 14:43:29 GMT )
Нау 02, 2018 20:43 Asia/Almaty
  • Зариф пен Лавров телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке Ресей СІМ Сергей Лавровпен телефон арқылы сұхбаттасты.

Зариф пен Лавров телефон арқылы сұхбатта Иран мен Ресейдің екіжақты қатынастары, Каспий теңізі, аймақтық мәселелер мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде Ұлыбританияның Йеменге қарсы қару-жарақ жөніндегі санкцияларды создырту туралы ұсынған Иранға қарсы қарарына Ресейдің вето жариялауы жайлы пікір алмасты. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі өткен дүйсенбі күні Йеменге қарсы екі қарардың жобаларын қарастыру үшін отырыс ұйымдастырды.

Иранның Йеменге қару-жарақ жібергені туралы уәждердің жалғасында Иранға қарсы қысым көрсету мақсатында Ұлыбритания ұсынған алғашқы қарардың жобасына Ресей вето жариялаған болатын. Ұлыбритания қарардың жобасын АҚШ және Францияның көмегімен жобалады.

Йеменге қарсы қару-жарақ жөніндегі санкцияларды тек 2019 жылдың ақпанына дейін создырту туралы Ресей тарапынан ұсынылған екінші қарардың жобасы Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшесінің оң даусымен бекітілді.