Ердоған: Ислам елдері – лаңкестік топтардың негізгі нысанасы
Нау 04, 2018 08:44 Asia/Almaty
Түркия президегті Таяу Шығыс аймағындағы белсенді лаңкестік топтардың мақсатын ислам елдеріне соққы беру деп атады
Anadolu хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жұма күні малилік әріптесі Ибраһим Боубакар Кейтамен Малидің астанасы Бамакода кездесуінде ДАИШ, ал-Қаида мен Боко Харам лаңкестік топтарының әрдайым мұсылмандарды нысанаға алып келе жатқанын айтты. Ердоған батыс елдерінің лаңкестікке қатысты әлсіз ұстанымдарын сынап, олардан лаңкестік топтарға қатысты байсалды ұстаным білдіруді сұрады. Түркия президенті елінің Сирияның солтүстігіндегі Африн аймағындағы әскери амалдарына тоқталып, сол амалдардың нәтижесінде 2348-ден астам лаңкестің құрықталып, өлтіріліп, жараланғанын қуаттады.