Иран, Ресей және Қазақстан бидай саудасы саласында меморандумға қол қойды
ИИР, Ресей және Қазақстан өкілдері бидай саудасы саласында үшжақты меморандумға қол қойды.
ИИР мен Ресей және Қазақстанның өкілдері жексенбі күні Мәскеудегі Иран елшілігінде бидай саудасы саласындағы үшжақты меморандумға қол қойды.
Қазақстанның Азық-түлік ұлттық компаниясының экспорт бөлімінің басшысы, Ресейдің Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары мен Иранның Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Мәскеуде ИИР елшісі мен Еуразия одағының Сауд министрінің қатысуымен бидай саудасы саласындағы үшжақты меморандумға қол қойды.
Иранның Экономика және қаржы министрі Масуд Карбасиан 75 үкіметтік және акционерлік бөлімдердің басшыларынан құрылған делегацияны басқарып, Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының 4-ші отырысына қатысу үшін жексенбі күні Мәскеуге келді.
Ирандық экономикалық делегация үш күндік Мәскеу сапарында екі елдің экономикалық ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының отырысына қатысуымен бірге комиссияның құжаты мен бірнеше екіжақты ынтымақтастық келісімдеріне қол қойып, Ресейдің экономикалық және саяси қайраткерлерімен кездеседі.