ALBA отырысы Вашингтонның Латын Америкасының істеріне араласуымен күресу тақырыбында өтті
Нау 06, 2018 20:51 Asia/Almaty
Венесуэлада Америка халықтарының боливарлық альянсы (ALBA) басшыларының саммиты басталды.
АҚШ-қа қарсы ALBA блогына қосылған Латын Америкасы аймағындағы мемлекеттердің жоғары лауазымды тұлғалары Венесуэланың бұрынғы Президенті Уго Чавестің қайтыс болғанына бес жыл толуына орай осы елдің астанасы Каракаста бас қосты.
Латын Америкасы мен Кариб теңізіндегі елдердің басшылары осы отырыста АҚШ-тың Венесуэланың тәуелсіздігіне қарсы әрекеттерін сынады. 11 мүшесі бар ALBA – Латын Америкасы мен Кариб теңізіндегі елдердің саяси-экономикалық және әлеуметтік ықпалдастығы идеясына негізделген үкіметаралық ұйым.
Тегтер