Иранның Экономика министрі Ресей Президентінің арнайы кеңесшісімен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35349-Иранның_Экономика_министрі_Ресей_Президентінің_арнайы_кеңесшісімен_кездесті
Иранның Қаржы және экономика министрі мен Ресей Президентінің экономикалық істер және Каспий теңізі маңы елдері жөніндегі арнайы кеңесшісі Мәскеуде екіжақты келісімдердің орындалу жолдары туралы сұхбаттасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 06, 2018 18:22 Asia/Almaty
  • Иранның Экономика министрі Ресей Президентінің арнайы кеңесшісімен кездесті

Иранның Қаржы және экономика министрі мен Ресей Президентінің экономикалық істер және Каспий теңізі маңы елдері жөніндегі арнайы кеңесшісі Мәскеуде екіжақты келісімдердің орындалу жолдары туралы сұхбаттасты.

Иранның Қаржы және экономика министрі Масуд Карбасиан Иран мен Ресейдің сауда-экономикалық ортақ комиссиясының он төртінші отырысы аясында Ресей Президентінің экономикалық істер жөніндегі арнайы кеңесшісі Абдуллатифовпен өткізген кездесуінде тараптар кеден және банк салаларындағы кедергілерді жою, ресейлік банктер арқылы ірі инфрақұрылым жобаларын қаржымен қамтамасыз етуге қатысты келісімдердің орындалу жолдары туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, Иранның Қаржы және экономика министрі мен Ресей Президентінің экономикалық істер және Каспий теңізі маңы елдері жөніндегі арнайы кеңесшісі Каспий маңындағы 5 ел басшыларының отырысы қарсаңында Каспий теңізіне қатысты ортақ комитеттің соңғы нәтижелерін талқылады.

Иран мен Ресейдің сауда-экономикалық ортақ комиссиясының он төртінші негізгі отырысы әртүрлі салалар бойынша бірнеше жиналыс өткеннен кейін сейсенбі күні Мәскеуде өтеді деп жоспарлануда.