Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық құжатына қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35563-Қазақстан_мен_Өзбекстан_ынтымақтастық_құжатына_қол_қойды
Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық ынтымақтастығына қатысты ортақ комиссияның он жетінші отырысының соңында екі ел арасында темір жол және тас жол тасымалы саласындағы әріптестік туралы бірнеше құжатқа қол қойылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 16, 2018 13:49 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастық құжатына қол қойды

Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық ынтымақтастығына қатысты ортақ комиссияның он жетінші отырысының соңында екі ел арасында темір жол және тас жол тасымалы саласындағы әріптестік туралы бірнеше құжатқа қол қойылды.

«Қазақпарат» агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан мен Өзбекстанның темір жол компаниялары арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге сәрсенбі күні қол қойылды.

Қазақстан мен Өзбекстанның жауапты тұлғалары, сондай-ақ, Қазақстанның табиғи газын Өзбекстан арқылы Қазақстанның оңтүстігіне жеткізуге техникалық мүмкіндіктер жасау туралы келісімге келді.

Қазақстан мен Өзбекстанның 2017 жылдағы сауда айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 36 пайызға өсіп, 2 млрд долларға жетті.