Иран, Ресей және Түркия СІМ отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35587-Иран_Ресей_және_Түркия_СІМ_отырысының_қорытынды_мәлімдемесі_жарияланды
Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепіл үш ел: Иран, Ресей және Түркияның Сыртқы істер министрлері жұма күні Астана отырысының қорытынды мәлімдемесінде Сирия дағдарысын шешу мақсатындағы талпыныстарды жалғастыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 17, 2018 12:21 Asia/Almaty
  • Иран, Ресей және Түркия СІМ отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепіл үш ел: Иран, Ресей және Түркияның Сыртқы істер министрлері жұма күні Астана отырысының қорытынды мәлімдемесінде Сирия дағдарысын шешу мақсатындағы талпыныстарды жалғастыру қажеттігін қуаттады.

IRNА-ның мәліметі бойынша, Иран, Ресей және Түркия СІМ-лері – Мұхаммад Джавад Зариф, Сергей Лавров пен Мевлют Чавушоғлу мәлімдемеде Сириядағы барлық тараптар арасындағы тиімді әрекеттестікті жалғастыруды және бөлінушіліктен аулақ болуды cұрады.

Мәлімдемеде лаңкестікпен, әсіресе ДАИШ лаңкестік тобымен күресудегі баршаның жаппай талпыныстарына алғыс білдіріп, Сирия дағдарысын шешудегі саяси үдерісті бастау үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, Сирияның тәуелсіздігі, егемендігі, бірлігі мен территориялық тұтастығын сақтау және бұл елдегі дағдарысты әскери жолмен шешудің мүмкін еместігі баса айтылды.

Иран, Ресей және Түркия СІМ-лері мәлімдемеде қақтығыс азайған аймақтарға қатысты келісімдерді жүзеге асыруды жалғастыру, барлық лаңкестік топтарды, атап айтқанда ДАИШ пен "ан-Носрат" майданы атты топтарды тамырымен жою және олардың басқа аймақтар мен мемлекеттерге көшуінің алдын алу мақсатындағы әріптестікті жалғастыру қажеттігін қуаттады.

Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлері кезекті үшжақты отырысты 2018 жылы сәуірдің төрті күні Түркияда өткізуге келісті.