Иран Франция, Ауғанстан мен Мысырда жуырда болған лаңкестік шабуылдарды айыптады
(last modified Sun, 25 Mar 2018 20:02:47 GMT )
Нау 26, 2018 02:02 Asia/Almaty
  • Иран Франция, Ауғанстан мен Мысырда жуырда болған лаңкестік шабуылдарды айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні Францияның оңтүстігіндегі Требес қаласының бір дүкені мен Ауғанстанның Гильменд облысындағы Лашкаргаһ қаласы мен Мысырдың Александрия қаласында болған лаңкестік шабуылдарды айыптап, құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтты.

"ParsToday" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми: "Бұл шабуылдардың әлем бойынша шашырай орын алуы терроризмнің әлемдік сипатқа ие болғанын және барлық елдердің атсалысуымен шешілуі тиістігін көрсетеді.

Осы жаһандық қауіпті тамырымен жоюдың жолы –  лаңкестікті идеология, қаржы және құрал-жабдықпен қамтамасыз ететін негізгі көздерге қатаң қатынас көрсету",-деп қуаттады.

Жұма күні Францияның оңтүстігіндегі Требес қаласындағы бір дүкенде бір қарулы адамның оқ жаудыруы және Тулуза қаласының маңында үш адамның тұтқынға алынуы салдарынан 3 адам қаза тауып, бірқатар адам жараланды. ДАИШ лаңкестік тобы Францияның оңтүстік-батысындағы тұтқынға алу оқиғасына жауапкершілікті өз мойнына алды.

Сонымен қатар, тура осы күні Ауғанстанның Хельманд облысындағы Лашкаргаһ қаласының бір спорт кешенінің сыртында бомба қойылған көліктің жарылуы салдарынан кемінде 15 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды.

Сенбі күні Мысырдың екінші үлкен қаласы Александрияда бомба қойылған көліктің жарылуы салдарынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жараланды.

Тегтер