Ресейдің Ғылым академиясы профессор Самииге алтын медаль берді
Ресей Ғылым академиясының Николай Пирогов атындағы ордені Иран мен әлемге белгілі ғылыми тұлға профессор Маджид Самииге берілді.
Николай Пирогов атындағы құрмет ордені профессор Самиидің халықаралық деңгейде нейрохирургия мен неврология саласында атқарған гуманитарлық қызметтері мен нейрохирургияның стандарттарын жақсартқаны үшін берілді.
Профессор Самии марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Ресей Ғылым ақадемиясының бұл сыйлығын алуды өзі үшін үлкен құрмет деп атады.
Ресей Ғылым академиясының марапаттау рәсімінде сондай-ақ түрлі салаларда еңбек етіп жатқан 14 ғалымға алтын медаль берілді.
Николай Пирогов 1810-1881 жж. өмір сүрген танымал орыс ғалымы, дәрігер, оқытушы, қоғам қайраткері және Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болған.
Бұл Ресей Ғылым академиясының профессор Самииге берген екінші сыйлығы саналады.