Иран мен Ресей визалық режимді жеңілдету жөнінде сұхбаттасты
Ресейдегі Иран елшісі мен Ресей СІМ-нің орынбасары екі ел азаматтарының виза алу үдерісін жеңілдету жайлы сұхбаттасты.
Иранның Ресейдегі елшісі Мехди Санаи мен Ресей СІМ-нің консулдық мәселелер жөніндегі орынбасары Евгений Иванов консулдық әріптестіктер жайында пікір алмасты. Ресейдегі Иран елшісі мен Ресей СІМ-нің орынбасары екіжақты қатынастардың серпінді даму үдерісіне сәйкес консулдық ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады.
Сарапшылар отырысын ұйымдастыру, жаңа консулдықтар ашу, ортақ экономикалық мақсаттарды жүзеге асыру саласында шынайы қадамдар жасау және Ресейде тұратын ирандықтардың қиындықтарын шешу қажеттігі Иран елшісі мен Ресей СІМ орынбасары келісімге келген мәселелердің қатарын құрайды.