Иран 2017 жылы әлемдегі темір кенінің қоры бойынша оныншы ел болды
Сәу 03, 2018 18:36 Asia/Almaty
2 млрд 700 млн тонна темір кені бар Иран әлемде осындай қазба байлыққа ие алдыңғы қатарлы елдердің тізімінде оныншы орынға тұрақтады.
Иранның Тау-кен өнеркәсібі, кен орындарын қайта жөндеу мен дамыту ұйымы (IMIDRO) сейсенбі күнгі есебінде: "Өткен жылы әлемде темір кені қорының жалпы жиынтығы 170 млрд тонна болған. Аустралия 50 млрд тонна темір кені қорына ие болып, әлем бойынша бірінші орында тұр. Бразилия, Қытай, Үндістан, Украина, Канада, Швеция, АҚШ пен Иран келесі орындарда орналасқан.
Иранда темір кеніне қатысты жүргізілген соңғы барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша 2018 жылы Иранның орны жоғарылайтын болады",-деп мәлімдеді.
Тегтер