Иран мен Қазақстанның Қорғаныс министрлері Мәскеуде кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i35968-Иран_мен_Қазақстанның_Қорғаныс_министрлері_Мәскеуде_кездесті
ИИР-ның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі Мәскеу қауіпсіздік конференциясы аясында Қазақстанның Қорғаныс министрімен кездесіп, екі жақ үшін өзекті мәселелерді талқылады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 05, 2018 17:34 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның Қорғаныс министрлері Мәскеуде кездесті

ИИР-ның Қорғаныс және Қарулы күштерді қолдау министрі Мәскеу қауіпсіздік конференциясы аясында Қазақстанның Қорғаныс министрімен кездесіп, екі жақ үшін өзекті мәселелерді талқылады.

Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Хатами сәрсенбі күні Мәскеуде Қазақстанның Қорғаныс министрімен кездесіп, екі елдің діни, мәдени және тарихи ортақтастықтарына тоқталып, екіжақты қарым-қатынасты дамытуды маңызды деп атап: "Қазақстан аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтауда, әсіресе, Сирияға қатысты Астана келіссөздері мен ядролық келіссөздер барысында өте жақсы рөл атқарды",-деді.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Бейбіт Атамқұлов та кездесуде Иранның Қорғаныс министрімен кездесуге мүмкіндіктің туғанына ризалық білдіріп: "Аймақ елдерінің, әсіресе Ресей, Иран мен Түркияның лаңкестікпен күрес және Сириядағы дағдарыстың шиеленісе түсуінің алдын алу жолындағы әріптестігі аймақ пен әлем үшін өте маңызды",-деді.