Зариф астанасы Құдс болатын тәуелсіз Палестина үкіметін құру қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 05 Apr 2018 17:09:11 GMT )
Сәу 05, 2018 23:09 Asia/Almaty
  • Зариф астанасы Құдс болатын тәуелсіз Палестина үкіметін құру қажеттігін қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі палестиналықтардың құқықтарын қайтару, астанасы Құдс болатын тәуелсіз Палестина үкіметін құру қажеттігін және Газа секторын қоршауға алуды шұғыл түрде доғаруды қуаттады.

Иран СІМ Мұхаммад Дажвад Зариф бейсенбі күні Бакуде өтіп жатқан Қосылмау қозғалысына мүше елдердің СІМ-нің конференциясында Қосылмау қозғалысының сионистік режимнің қылмыстарына қарсы жан-жақты әрі ауқымды шаралар қолдану қажеттігін қуаттап: "Бұл режимді қылмыс жасауы үшін емін-еркін жіберу әлемдік қауіпсіздік үшін негізгі қауіпке айналған жаңа біржақтылықтың белгісі саналады",- деді.

Иран СІМ палестиналықтардың Газа секторында өлтірілуіне тоқталып: "Бүгінде сионистік режимнің қылмыстық әрекеттеріне халықаралық деңгейде тергеу жүргізу барлық елдердің талабы болуы керек.

Сионистік режимнің соңғы 70 жылдың ішінде палестиналықтарға қарсы қылмыстары бұл режимнің жазаға тартылмай, АҚШ пен оның кейбір аймақтық және трансаймақтық одақтастарының қолдауының арқасында жасалды.

АҚШ-тың қолдаулары, әсіресе бұл елдің Құдсқа қатысты қабылдаған жуырдағы заңсыз шешімі Израильдің апартеидтік режимін қолпаштай түсті.  

 

 

Тегтер