Facebook әлеуметтік желісінің директоры Американың Конгресінде кешірім сұрады
Сәу 11, 2018 17:57 Asia/Almaty
Facebook әлеуметтік желісінің атқарушы директоры желі қолданушыларының жеке бас кеңістігін бұзу саласындағы масқарашылықтарына байланысты Америка Конгресінің отырысына қатысып, кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес Марк Цукерберг сейсенбі күні Америка Конгресінің бес сағаттық отырысына қатысып, аталмыш әлеуметтік желі қолданушыларының жеке бас мәліметтеріне салғырттық танытқандарын мойындады. Бұл мәселе Cambridge Analytica компаниясына қатысты жуырдағы жанжалды да қамтиды.
Цукерберг Facebook желісінің қолданушыларының мәліметтерін теріс пайдалануға тосқауыл жасау үшін жеткілікті мөлшерде әрекет етпегенінің белгілі болғанын мәлімдеді.
Жақында ақпарат құралдары Америка президенті Дональд Трамптың сайлау штабымен серіктестік жасаған Cambridge Analytica компаниясының Facebook желісінің 50 млн қолданушысының мәліметтеріне қол жеткізгенін хабарлады.
Тегтер