АҚШ Ұлыбританияның Скрипаль ісіне қатысты Ресейге қарсы уәждерін қолдап отыр
https://parstoday.ir/kz/news/world-i36340-АҚШ_Ұлыбританияның_Скрипаль_ісіне_қатысты_Ресейге_қарсы_уәждерін_қолдап_отыр
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Ресейге қарсы уәждерін қайталап, Мәскеуді Ұлыбританиядағы Ресейдің бұрынғы тыңшысының улану оқиғасына жауапты деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 19, 2018 16:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Ұлыбританияның Скрипаль ісіне қатысты Ресейге қарсы уәждерін қолдап отыр

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Ресейге қарсы уәждерін қайталап, Мәскеуді Ұлыбританиядағы Ресейдің бұрынғы тыңшысының улану оқиғасына жауапты деп атады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Нойерт Ресейді Ұлыбританиядағы Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипальдың жүйке жүйесін сал ететін газбен уландыру оқиғасына жауапты деп атап, осы мәселеге қатысты тергеу жұмыстарының Лондонның сөзін растап отырғанын мәлімдеп: "АҚШ толығымен Ұлыбританияны қолдайды. Скрипальға жасалған химиялық шабуылға қатысты Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының Атқарушы кеңесі мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырыстарын өткізу қажет",- деді.

Ұлыбритания полициясы наурыздың төрті күні Сергей Скрипальды қызымен бірге осы елдің оңтүстігіндегі Солсбери қаласындағы бір сауда орталығына жақын маңда ес-түссіз күйде тапқан болатын.

Ұлыбритания Ресейді Скрипаль мен оның қызының улану оқиғасына қатысы бар деп айыптап отыр. Мәскеу бұл мәселені теріске шығарды.