Вашингтон АҚШ Мемлекеттік департаментінің жылдық есебінде Иранға қарсы айыптарын қайталады
АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні кешке жариялаған "Адам құқықтары" атты жылдық есебінде жыл сайынғы үдеріс бойынша ИИР-на қарсы негізсіз уәждерін қайталады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ 2017 жылғы адам құқықтары тақырыбына арналған жылдық есебінде тағы да мәдени-әлеуметтік ерекшеліктер мен діни негіздерді назарға алмастан Иранға қарсы айыптаулардың бірі ретінде бұл елде гомосексуалистердің құқықтары назарға алынбайтыны туралы уәж айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы міндетін атқарушы Джон Салливан осы есепті жариялау кезінде ИИР, Ресей, ҚХР мен Солтүстік Кореяны ахлақтық тұрғыдан кінәлауға лайық үкіметтер деп атап, бұл елдердің күн сайын адам құқықтары заңдарын бұзып жатқаны жайлы сылтау айтты.
АҚШ-тың адам құқықтарына қатысты есептері әрдайым қате әдіснамасы, екіұшты стандарттарды назарға алуы, пайдакүнемдік танытуы мен бейтарап негіздерді сақтамауы, басқа әлеуеметтік қоғамдардың жергілікті мәдениеті мен өмір сүру салттарына көзжұмбайлық танытуы және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуына байланысты әлем елдері мен адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың сынына ұшырап келеді.