Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақ дауын доғару үшін шарт қойды
(last modified Sun, 03 Apr 2016 16:22:20 GMT )
Сәу 03, 2016 22:22 Asia/Almaty
  • Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақ дауын доғару үшін шарт қойды

Әзірбайжан республикасының президенті Қарабақ аймағындағы қақтығыстарды доғару үшін талпыныс жасауды осы елдің жер тұтастығын сақтаумен байланыстырды.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Илхам Әлиев сенбі күні егер Әзірбайжан республикасының жер тұтастығы сақталса, Қарабақ аймағындағы шайқастарды доғаруға және бейбіт шешім жолына жетуге барынша талпыныс жасайтындығына уәде берді.

Әзірбайжан республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпарат тарату бюросы өз мәлімдемесінде Армения үкіметі осы ел әскерилерінің Қарабақтағы адам шығынының саны туралы жасырып отыр деп мәлімдеді.

Әзірбайжан республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпарат тарату бюросы сондай- ақ Армения ақпарат құралдары жариялаған әскерилердің мәйіттері мен осы елдің құлатылған ұшқышсыз ұшағының бейнелерін жалған деп атады.

Армения Қорғаныс министрлігі сенбі күні кешке сол күнгі қақтығыстарда Армения күштерінен 18 адамның қаза тауып, 35 кісі ніңжараланғанын, бірақ осы қақтығыста Әзірбайжан республикасы күштерінен 200- ден астамының мерт болғанын мәлімдеген болатын.

Тегтер