Грекия үкіметі босқындарды Түркияға қайтарады
Сәу 03, 2016 22:33 Asia/Almaty
Грекияның мигранттар басқармасының үйлесімділік бөлімінің ақпарат хатшысы Югрес Кристи Грекия Еуропалық Одақ пен Афинаның жуықтағы келісімі бойынша мигранттарды осы аптаның дүйсенбі күнінен сәрсенбіге дейін Түркияға қайтаратынын хабарлады.
Грекияның мигранттар басқармасының үйлесімділік бөлімінің ақпарат хатшысы бұл хабардың егжей- тегжейін баяндамастан: "Шамамен 750 босқынды Түркияға қайтару жоспарланып отыр. Осы шара Еуропалық Одақ пен Анкараның бұдан екі апта бұрынғы келісімі негізінде іске асады. Соған сәйкес босқындар Түркияға қайтарылады" деді.