Шамхани: Лаңкестерді демеушілер Ауғанстанда бейберекеттік тудыруды көздейді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: "Сирияда жеңіліс тапқан лаңкестік топтарды демеушілер лаңкестерді Ауғанстанға тасымалдап, осы елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруді көздеп отыр",-деді.
Әли Шамхани сәрсенбі күні Ресейдің Сочи қаласында өткен тоғызыншы қауіпсіздік отырысы аясында Ауғанстан Президенті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мұхаммад Ханиф Атмармен кездесуінде Ауғанстанда жуырда орын алған лаңкестік әрекеттерге өкініш білдіріп, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында іс жүзінде нәтижеге жету үшін бес елдің ортақ ынтымақтастық комитетінің жұмысын жылдамдату қажеттігін қуаттады.
Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мұхаммад Ханиф Атмар да кездесуде Иран мен Ауғанстанның даму үстіндегі достық байланысының ешбір елге қарсы еместігін айтып, Ауғанстанға заңсыз кірген ДАИШ-ке мүше көптеген шетелдік азаматтардың осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан құрықталғанын хабарлады.