Лавров: «Ортақ қадам» келісімін сақтап қалу – мүмкін іс
(last modified Sat, 19 May 2018 11:06:55 GMT )
Maм 19, 2018 17:06 Asia/Almaty
  • Лавров: «Ортақ қадам» келісімін сақтап қалу – мүмкін іс

Ресей СІМ бірнеше жыл көлеміндегі талпыныстардың нәтижесінде келіссөздер арқылы қол жеткізілген «Ортақ қадам» келісімін сақтап қалу үшін әлі де мүмкіндіктің бар екенін айтты.

Ресей СІМ Сергей Лавров Clarin газетіне берген сұхбатта: «Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы негізіндегі міндеттемелеріне бұрынғысынша берік болып отырғаны өте маңызды. Бұл мәселе АҚХА тарапынан тағы расталды. Вашингтон әлем елдерінің көпшілігінің талаптары мен қалауына қарсы тек өзінің пайдакүнемдігі аясында әрекет етіп, халықаралық заңдардың нормаларына көзжұмбайлық танытып отыр» деп қуаттады.

Ресейдің дипломатиялық органының басшысы Американың «Ортақ қадам» бағдарламасынан біржақты түрде салқынқандылықпен шығуы мен Иранға қарсы санкцияларды жандандыруына тоқталып, оны аталмыш келісім мен осы келісімді растаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2015 жылғы №2231 қарарын әшкере түрде бұзу деп атады.