Қазақстан мен Беларусь ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану саласында серіктестік жасайды
Қазақстанның Энергетика министрлігі Беларусь республикасының Энергетика министрлігімен ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану саласында келісімге қол қойғанын хабарлады.
Fars хабар агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша Қазақстанның Энергетика министрі Беларусь пен Қазақстанның ядролық қуат бағдарламасын жүзеге асыру және ядролық қуатты бейбіт мақсатта пайдалану саласында басқару тәсілдерін стандарттау бойынша тәжірибе алмасып, серіктестік жасауға келіскендерін мәлімдеді.
Аталмыш ядролық серіктестік келісіміне Қазақстан делегациясының мамыр айының 23-25 күндері Беларусь республикасына жасаған үш күндік сапары аясында қол қойылды.
Келісім сонымен қатар Беларусь республикасының астанасы Минскте белорус ғалымдарының қазақстандық мамандарға ядролық энергия саласында білім алып, әзірленіп және кәсіптік тұрғыдан дамуы үшін көмектесуін де қамтиды.