Маусым 02, 2018 14:45 Asia/Almaty
  • Құдс күні шеруі қарсаңындағы Палестинаның мазлұмдығы мен АҚШ-тың адам құқығы туралы уәждері

Израильдің Палестина халқына қарсы шаралары – БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі мен Бас ассамблеясының күн тәртібіне сан рет қойылған мәселелердің бірі. Алайда әр жолы АҚШ-тың араласушылығы осы мәселеге қатысты жаһандық айыптаудың нәтиже беруіне кедергі жасап келді.

АҚШ бұл мәселелерде өз ықпалын Израильдің мүддесіне орай қолданады.

АҚШ Адам құқығы кеңесінің Израильдің басып алынған Палестина жеріндегі әрекеттеріне қарсы ұстанымы туралы ресми түрде "Палестина мен басқа да басып алынған араб жерлерінде адам құқығының жағдайы" атты істің күн тәртібіне қойылуының  осы ұйымның беделіне нұқсан келтіретінін жариялады.

Бір жыл бұрын АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли осы ұйымның Адам құқығы кеңесінен Израильді сынауды тоқтатуды, болмаса, АҚШ-тың бұл кеңестен шығатынын жариялады. АҚШ сол жолғы қарарында басып алынған Палестина жеріндегі адам құқығының жағдайына қатысты 7-ші тармақтың БҰҰ Адам құқығы кеңесінің отырыстарындағы күн тәртібінен алынып тасталуын қалайтынын айтты.

Foreign Policy журналы: "Еуропа елдерінің БҰҰ Бас ассамблеясында Израильдің БҰҰ Адам құқығы кеңесінің күн тәртібінен шығарылуын талап еткен қарарға қарсылық білдіргеннен кейін Вашингтон оқшауланып, осы кеңестен шығуға жақын қалды",-деп жазды.

АҚШ-тың өз одақтастарын олардың адам құқығына қарсы қимылдарына қарамастан қолдауы бұл елдің халықаралық ережелерге қатысты екіқырлы стандарттарды ұстанатынын көрсетеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сионистік режимнің қалашық салуына қарсы болу туралы қарар бекітілгеннен кейін Ақ үйдің БҰҰ-на қаржылай көмектерді тоқтататыны туралы қоқан-лоққысы – Вашингтонның осы саладағы шараларының бірі.  

БҰҰ-дағы адам құқығын қорғау комитетінің өкілі Льюис Шарбанио: "АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газа шекарасында палестиналық шерушілердің қырып-жойылуына қатысты тексеріс жүргізу мақсатында халықаралық ақиқат іздеуші комитет құруға бағыттаған талпыныстарына кедергі жасау арқылы өзінің беделінен айырылды",-деді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің осыған қатысты үнсіздігі мен салғырттығы Израильді  Газа секторындағы палестиналықтардың құқығын бұза түсуге ынталандырып қана қоймайды. АҚШ-тың екі қырлы критерийлері айқын болған соң бұл ел бұрыннан да көбірек өз беделінен айырылатын болады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан осы күнге дейін Израиль АҚШ-тан ең көп әскери көмек алған. АҚШ Конгресі зерттеулер орталығының хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Израильге әскери көмектері  бұл елдің бүкіл әскери көмектерінің 53 пайызын құрайды. Вашингтонның Тель-Авивке көмектерінің құрылғаннан осы күнге дейінгі жалпы көлемі  124 млрд доллардан асады. Осы көмектің төрттен үші америкалық компаниялардан әскери жабдықтар сатып алуға, ал қалғаны басып алынған Палестина жерінде орналасқан компаниялардан соғыс құралдарын сатып алуға жұмсалған.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи өзінің жуырдағы баяндамасында: "Көбінесе сионистер тарапынан басқарылатын Батыстың қауіпті ақпараттық империясының ислам әлемінің маңызды мәселелеріне немқұрайлы қарап, үнсіздік таныту арқылы ислам үмбетінің басты мәселелерін жасыруына жол бермеуіміз керек",-деді.

 

 

Тегтер