«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы Нетаньяхудың Берлин сапары нәтижеге жетпеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i37552-Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасына_қарсы_Нетаньяхудың_Берлин_сапары_нәтижеге_жетпеді
Сионистік режимнің премьер-министрі Берлинге жасаған сапарында Германия Канцлерін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға көндіре алмады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 05, 2018 15:34 Asia/Almaty
  • «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы Нетаньяхудың Берлин сапары нәтижеге жетпеді

Сионистік режимнің премьер-министрі Берлинге жасаған сапарында Германия Канцлерін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға көндіре алмады.

Сионистік режимнің i24NEWS сайты Меркель мен Нетаньхудың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты қайшылықтарының шешілмегенін хабарлады.

Меркель Германияның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шықпай, басқа еуропалық серіктестерімен бірге оған табанды қалатынын баса айтты.

Нетаньху Германия, Франция және Британия басшыларын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға көндіру үшін Еуропаға сапар шекті. Сионистік режимнің премьер-министрі бұл сапарының бірінші кезеңінде Берлинде Меркельмен кездесті.